Қазақстан халықаралық чемпионатта қос жеңіске жетті
Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бригадасы Беларусь Республикасында өткен жедел медициналық жәрдем бригадаларының VI халықаралық чемпионатында I орын иеленіп, жеңімпаз атанды!
Қазақстанның намысын лайықты қорғаған Қызылорда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының командасы II орынға ие болды!
Халықаралық чемпионатқа Беларусь, Ресей және Қазақстан елдерінен 22 команда қатысты. Сайысқа қатысушыларды әр секундтың маңызы зор, шұғыл әрі нақты шешім қабылдауды, жоғары кәсіби біліктілік пен командалық үйлесімділікті талап ететін күрделі сынақтар күтіп тұрды.
Екі командамыз да жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін, төзімділігі мен ұйымшылдығын көрсетіп, халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтатты. 🇰🇿
Жамбыл және Қызылорда облыстық жедел медициналық жәрдем станцияларының командаларын тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жамбыл облысы — I орын
Қызылорда облысы — II орын
Ақ халатты абзал жандарымызды мақтан тұтамыз!
Жаңа жетістіктерге, кәсіби өсіп-өркендеуге және толағай табыстарға жете беріңіздер!
Қазақстан сіздермен мақтанады!