1-2 градус үсік жүреді: алдағы күндері ауа райы күрт суытады
Синоптиктер 15-17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елімізде жауын-шашын болып, күн суытады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) күтіледі.
15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін. Сондай-ақ Қазақстанның шығысында көктайғақ болады.
Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
16-17 қазанға қараған түндері елдің оңтүстік-шығысында 1-2 градус үсік жүреді.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал. Батыста түнде +7…+15°С-қа дейін, күндіз +17…+25°С-қа дейін төмендейді.
Ақтөбе облысында түнде +1…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында -1…-3°С, күндіз +15…+23°С-қа дейін төмендейді;
- Қостанай облысында түнде -1…-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +12…+17°С-тан +10…+15°С-қа дейін аздап құбылады;
- елдің солтүстігінде түнде -3…-8°С-қа дейін төмендейді, 17 қазаннан бастап 0…+8°С-қа дейін жоғарылайды. Күндіз ауа температурасы аздап көтеріліп, +7…+12°С болады;
- Ұлытау облысында түнде ауа температурасы негізінен 0…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында -3°С болады. Күндіз +10…+20°С күтіледі;
- Қарағанды облысында түнде ауа температурасы негізінен -1…-8°С, өңірдің оңтүстігінде +3°С болады. Күндіз біртіндеп +10…+15°С-қа дейін жоғарылайды;
- елдің шығысында түнде ауа температурасы -1…-6°С-тан -3…-11°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз негізінен +3…+12°С, өңірдің шығысында -2°С болады;
- республиканың оңтүстігінде түнде ауа температурасы +2…+10°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-қа дейін аздап төмендейді;
- елдің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 0…+8°С-қа дейін, таулы аудандарда -2…-7°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12…+22°С-тан +10…+18°С-қа дейін аздап құбылады.