Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қойылмақ
Елімізде 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруі шектеледі. Бұл туралы Astana Media Week шарасында мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Бiз әрiптестерiмiзбен бiрлесiп, 16 жасқа дейiнгi балалардың әлеуметтiк желiлерге кiруiн шектеудi жоспарлап отырмыз. Бұның WhatsApp, Telegram және басқа да мессенджерлерге қатысы жоқ. Олар еш кедергісіз қолданыла береді", - деді Қанат Ысқақов.
Ол балалардың қауіпсіз цифрлық кеңістікті пайдалануы тек ата-аналардың ғана жауапкершілігінде емес екенін атап өтті.
"Бұл – шынымен де, өте күрделі процесс. Сондықтан жасты анықтаудың бірыңғай алгоритмін құру үшін цифрлық платформалардағы әріптестерімізбен, достарымызбен бірлесе жұмыс істейміз. Біз балалардың қауіпсіз цифрлық кеңістікті пайдалануында ата-аналардың, әрқайсымыздың жауапкершілігіміз маңызды деп санаймыз. Бұл шара тиімді болуы үшін және балалардың білім беру мен басқа да маңызды контентті алуына шектеу қоймау үшін бүкіл қоғамдастықпен жұмыс істейміз", - деді бірінші вице-министр.