Павлодардағы мектепте белгісіз дәрілер табылды: 4 оқушының жағдайы нашарлаған
Павлодарда оқу кабинеттері бірінен өткір иісі бар таблеткалар табылғаннан кейін төрт оқушы өзін жайсыз сезінген.
Үш балаға медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Павлодар қалалық білім бөлімінің мәліметінше, өткір иісі бар белгісіз таблеткалар оқу кабинетінен табылған.
"Мектеп кабинетінен өткір иісті таблеткалар табылды. Сабақтан кейін төрт оқушы өзін жайсыз сезінген. Тексеріс қорытындысы бойынша балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды", - деп хабарлады қалалық білім бөлімі.
Мектеп әкімшілігі ішкі тексеріс жүргізіп, жауапты қызметкерлерге тәртіптік шара қолданды. Бұл ретте білім бөлімі кімдер және қандай заңбұзушылық үшін жазаланғанын нақтыламады.
Ал үш оқушыға медициналық көмек қажет болды. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2014 және 2015 жылы туған балалар улану белгілерімен ауруханаға жүгінген. Кезекші педиатр тексергеннен кейін олар амбулаторлық бақылауға жіберілді.
Дәрігерлердің алдын ала мәліметі бойынша, улану белгісіз затты иіскегеннен болуы мүмкін.