Астанада ер адам көшеде бойжеткеннің бөксесін ұстап алған
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің бөксесінен ұстаған.
Ол қорыққаннан ғимаратқа кіре сала жылап қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бойжеткен полициядан көмек сұраған. Алайда тәртіп сақшылары бейнекамера таспасынан ештеңе байқамағандарын айтып, қауіп төніп тұрмағанын алға тартқан.
Qumash Telegram-арнасы болған оқиғаның видеосы желіде жарияланды.
Видеода бойжеткеннің қорқып жылағаны көрінеді.
“Бұл туралы қалай түсініктеме беру керектігін білмейміз. Ер адам біраз уақыт астаналықтың артынан жүрген. Содан кейін оған жақындап, бөксесінен ұстап, қашып кетті. Қыздың айтуынша, полиция қызметкері оған бұл видеода ештеңе көрінбейтінін және ер адам оған тағы бір зиян келтіруі мүмкін деп ойламайтынын айтқан”, – делінген хабарламада.