Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда келесі жылы тест тапсыру форматы өзгермек

Қазақстанда келесі жылы тест тапсыру форматы өзгермек
Сурет: pc7ooo.livejournal.com
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Нұрсейіт Байжанов 15 қазанда Qazaq AI Research University форумында Бірыңғай ұлттық тестілеудің жаңа форматына қатысты жобаны таныстырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Admission Insight Test (AIT) деп аталатын жобаны орталық ETS халықаралық ұйымымен бірлесіп әзірлеп жатыр. Жаңа тест екі бөлімнен, яғни 14 бейіндік пән бойынша пәндік тесттер және дағдыларды бағалау тестінен тұрады. 

Пәндік тесттерде тапсырмалар мемлекеттік стандартқа сәйкес жаңартылады. Мұнда ақпаратты жай ғана жаттап алып, қайталаудан гөрі, оқу материалын терең түсінуге басымдық беріледі.

Ал дағдыларды бағалау тесті бес модульден тұрады. Соңғы модуль әлі әзірленіп жатыр. 

Ұлттық тестілеу орталығының директоры пәндік білімнің маңызы бұрынғыдай сақталатынын атап өтті.

«Жаңа тесттегі дағдыларды бағалау бөлімі білімді тексеруді толықтырады, бірақ оның орнын алмастырмайды. Емтиханның ұсынылған құрылымы білім беру саясаты мен зерттеу нәтижелеріне қарай нақтыланады. Бүгінде білім тапшы ресурс болудан қалды. Енді ең маңыздысы – пайымдай білу», – дейді Нұрсейіт Байжанов.

Оның айтуынша, жобаны іске асырудың келесі кезеңі – AIT тестін пилоттық режимде өткізу, ол 2027 жылдың көктеміне жоспарланған.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар