Қоғам

Астанада қыздың бөксесінен ұстаған ер адам ұсталды

Астанада көшеде кетіп бар жатқан бойжеткеннің бөксесінен ұстаған ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның арсыз ісі туралы қыздан арыз түскен.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алдын ала анықталғандай, ол көшеде қыздың соңынан аңдып, ғимаратқа кіреберісте оған қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған. Ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс жүріп жатыр. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – делінген ПД хабарламасында.