Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Шикі балықты аузы мен құлағына тыққан": Алматыда әйел баласын жасөспірімдердің қорлағанын айтты

"Шикі балықты аузы мен құлағына тыққан": Алматыда әйел баласын жасөспірімдердің қорлағанын айтты
Сурет: azh.kz
Алматыда 11 жастағы баланың анасы ауладағы балаларды жасөспірімдер бір айдан астам уақыт бойы қорлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті өкілдері тексеріс басталғанын айтты.

Бұл туралы 11 жастағы баланың анасы Threads желісінде Алматыда үйінің ауласында балалардың қорлық көргені туралы жазды. Оның айтуынша, 13-14 жастағы жасөспірімдер бір айдан астам уақыт бойы балаларды ұрып-соғып, балағаттап, өзара төбелесуге мәжбүрлеген.

Әйел ұлының іші мен бүйрегінен соққы алғанын айтты.

"13-14 жастағы жасөспірімдер бір айдан астам уақыт бойы балаларды қорлады. Менің ұлымды ішінен және бүйрегінен ұрып, балағаттады. Сайраннан аулап әкелген шикі балықты аузы мен құлағына тыққан. Мұның бәрін басқа балалар көрген. Олар балаларды өзара төбелесуге мәжбүрледі, бүкіл аула үреймен өмір сүрді", - деп жазды ол.

Оқиғадан кейін әйел полицияға арыз түсірді. Басқа ата-аналар да осындай арыз жазған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар