Қоғам

Қазақстанда жұмыс істеу қабілетінен және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер ұлғаяды

Қазақстанда жұмыс істеу қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдерді ұлғайту жоспарланып отыр.

Еңбек министрлігі тиісті бұйрық жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Құжатқа сәйкес, МӘСҚ-тан төленетін жұмыс істеу қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 пайызға арттыру жоспарланып отыр.

Министрлік бұл шара төлем алушыларды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Қаулы жобасы 2 қарашаға дейін көпшілік талқылауы үшін жарияланды.