“Жаңбыр мен қар”: Қазақстанда алдағы уақытта күн суытады
Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады.
"Қазгидромет" синоптиктері 20, 21 және 22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
20 қазанда күндіз Павлодар облысында, ал 21 және 22 қазанда Қазақстанның шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады деп болжанады.
Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады деп күтіледі.
Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын күтілмейді. Сонымен қатар түнде оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 1–3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Ел аумағында желдің күшеюі, ал түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі деп болжанады.
Елдің батысында түнде температура −6…+2 градусқа дейін төмендейді, күндіз ауа +15…+22 градусқа дейін жылынады.
Маңғыстау облысында түнде +2…+10 градус, күндіз +18…+26 градус жылы болады. Ақтөбе облысында түнде температура 0-ден −6 градусқа дейін, күндіз +12…+17 градус болады.
Қостанай облысында және елдің солтүстігінде түнде −6-дан +5 градусқа дейін, күндіз +2…+10 градус болады деп болжануда.
Орталық өңірлерде түнде −6-дан +5 градусқа дейін, күндіз +3…+13 градус күтіледі. Елдің шығысында түнде 0…+5 градус, күндіз +2…+7 градус, кей жерлерде −1 градусқа дейін болады.
Қазақстанның оңтүстігінде түнде температура 0…+5 градус, күндіз +12…+23 градус болады.
Елдің оңтүстік-шығысында түнде +0…+8 градус, таулы аудандарда −8 градусқа дейін суытады. Күндіз температура +8…+20 градус болады.