Қадір түні – ислам дініндегі ең қасиетті түндердің бірі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни мерекелер мен атаулы күндердің күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ҚМДБ мәліметінше, келесі жылы мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Қадір түні – ислам дініндегі ең қасиетті түндердің бірі. Құран Кәрімде бұл түннің мың айдан да қайырлы екені айтылған.

Діни басқарманың мәліметінше, діни күндер халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының есептеулеріне сүйеніп белгіленген. Айдың тууына байланысты Қадір түнінің күні бір күнге өзгеруі мүмкін.


