"Иттік жасағанына қатты налыдым": Дариға Бадықованың экс-күйеуі актрисаның тойына қатысты айтты
Белгілі актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев экс-жұбайының тойына қатысты ойын айтты. Бұл туралы ол “Не дейді?” бағдарламасына берген сұхбатында әңгіме қылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бұрынғы жарына деген өкпе-реніші әлі де барын жасырмады.
“Адамзат үш нәрсені ұмытпайды дейді ғой. Мен өзіме тиесілісін айтайын. “Подлость” жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым. Ал былай Аллаға аманаттап тастағанмын, дұғамды тіледім. Қайта қуанып жатырмын, сол ғана”, – деді Дархан Мұсаев.
Актер әлеуметтік желіде өзіне жағымсыз пікірлерді ер адамдар жазатынын айтады.
“Көбінесе негативті жазатын ер азаматтар екен, соған жүрегім ауырды. “Бүйтіп қалдың ба, сүйтіп қалдың ба?” деп болмайтын нәрсені ер азаматтар жазады екен. Ер азаматтарымыз сондайды қойса екен. Әйелдер қауымы аз жазады, жоқтың қасы десе де болады”, –деді актер.