Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ресейде бірнеше адам маймыл шешегін жұқтырған

Ресейде бірнеше адам маймыл шешегін жұқтырған
Сурет: apollohospitals.com/ru
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Боткин ауруханасында жатқан бес адамнан маймыл шешегі вирусы табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Науқастардың жағдайы тұрақты. Бірінде ауру орташа деңгейде өтіп жатса, енді бірі жеңіл түрде ауырып жатыр.

Осыған дейін 16 қазан күні Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Роспотребнадзор басқармасы инфекция жұқтырды деген күдікпен бес адам дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлаған болатын.

Олардан бөлек тағы бес адам науқастармен байланыста болды деген күдікпен Мәскеу түбегендегі ауруханалардың біріне жатқызылды.

Роспотребнадзор жағдай бақылауда екенін хабарлады. Ведомство Ресейде вирусты анықтайтын тест жүйелері бар екенін және жұқпалы ауруларды емдейтін мекемелер қажетті жабдықтармен жабдықталғанын мәлім етті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар