Синоптиктер Алматыға алғашқы қар қашан түсетінін айтты
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болжамға сәйкес, Астанада жаңбыр аралас қар жауып, екпінді жел соғады, ал оңтүстік мегаполисте алғашқы қар жаууы ықтимал.
Астанада 22 қазанда күн бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей уақытта екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус жылы.
23 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус суық, күндіз 0...+2 градус жылы.
24 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус суық, күндіз +2...+4 градус жылы.
Алматыда 22 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +14...+16 градус жылы.
23 қазанда күн бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +7...+9 градус жылы.
24 қазан күн бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метр. Ауа температурасы түнде 2...-4 градус үсік, күндіз +3...+5 градус жылы.