Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақы тазы — қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан аңшылық дәстүрі

Қазақы тазы — қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан аңшылық дәстүрі
2026 жылғы 17 қазанда Астана қаласында «Қазақстанкинологтар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігініңұйымдастыруымен «Қазақы тазы» тұқымының ор қояны бойынша аңшылық қасиеттерін сынау іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шара қазақы ит тұқымдарын сақтау, дамыту, олардың бірегей тұқымдық ерекшеліктерін нығайту және халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз етугебағытталған жүйелі жұмыстар аясында ұйымдастырылды.

Қазақы тазы — қазақ халқының ғасырлар бойықалыптасқан аңшылық дәстүрімен тығыз байланыстыұлттық мұрасы. Бұл тұқымның басты ерекшелігі тек сыртқытұрпатымен ғана емес, сонымен қатар табиғи аңшылыққабілетімен, шапшаңдығымен, төзімділігімен, қырағылығымен және аңды қуу шеберлігімен айқындалады.

Осыған байланысты аңшылық сынақтар қазақы тазы тұқымын сақтау және асылдандыру жұмыстарыныңмаңызды бағыттарының бірі болып саналады. Мұндай іс-шаралар иттердің табиғи аңшылық қасиеттерін жан-жақтыбағалауға, олардың жұмыс қабілетін анықтауға жәнеболашақ асылдандыру жұмыстарына қажетті мәліметтержинақтауға мүмкіндік береді.

Сынақтар барысында қатысушы тазылардыңжылдамдығы, ептілігі, іздеу қабілеті, төзімділігі, аңшылықзеректігі және қуу кезіндегі шеберлігі бағаланды. Сарапшылар иттердің тұқымға тән табиғи қасиеттеріне, аңшылық жағдайындағы әрекеттеріне және жұмыссапасына ерекше назар аударды.

Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен тазы иелері, аңшылар, тұқым өсірушілер мен кинология саласыныңмамандары қатысты. Сынақтарға 30 шақты қазақы тазы қатысып, олардың аңшылық қасиеттері белгіленгенталаптарға сәйкес бағаланды.

Қазақстан кинологтар одағы қазақы тазы тұқымыныңаңшылық қасиеттерін сақтау мен жетілдіруді асылдандыружұмысының басым бағыттарының бірі ретіндеқарастырады. Осы мақсатта далалық сынақтарды тұрақтынегізде өткізу, жұмыс сапасын бағалаудың бірыңғайжүйесін қалыптастыру және алынған нәтижелердітұқымдық іріктеу барысында пайдалану көзделіп отыр.

Мұндай іс-шаралар қазақы тазының табиғиқабілеттерін келешек ұрпаққа жеткізуге, тұқымныңгенетикалық және функционалдық ерекшеліктерін сақтауға, сондай-ақ ұлттық кинологияның дамуына маңызды үлесқосады.

 

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар