Қоғам

«Түс көріп тұрғандаймын»: Алматы облысының тұрғыны лотереядан көлік ұтып алды (Фото)

Ол сыйлықты ақшалай алатынын айтты.

Алматы облысының тұрғыны Азамат лотереяға алғаш рет қатысып, автокөлік ұтып алды. Алайда жеңімпаз көліктің орнына ақшалай сыйақы алуды жөн көрген. Себебі бүгінде ол үлкен үй салып жатыр, сондай-ақ өтейтін несиелері де бар.

Азаматтың айтуынша, бұған дейін лотереядан қомақты жүлде ұтып алуға болатынына сенбеген. Алайда танысының кеңесінен кейін бағын сынап көруге шешім қабылдаған.

«Шынымды айтсам, лотереядан осындай үлкен жүлде ұтамын деп мүлде ойлаған жоқпын. Танысым ойнап жүргенін, кейде азын-аулақ ұтысқа ие болатынын айтты. Содан мен де бағымды сынап көрейін дедім. Бірінші рет қатысып, бірден көлік ұтып алдым», – дейді жеңімпаз.

Азаматтың сөзінше, «Сәтті Жұлдыз» компаниясының өкілдері хабарласып, автокөлік ұтқанын жеткізгенде, ол алғашында сенбеген. Тіпті мұны лотереяға қатысуға кеңес берген досының әзілі деп қабылдаған.

«Бірден хабарласып, көлік ұтқанымды айтты. Ал мен досым әзілдеп, мені алдап отыр деп ойладым. Кеңсеге шақырғанда да сенімсіздік болды. Жолда келе жатып, мазаққа қалып жүрмеймін бе деп уайымдадым. Бұл туралы бір досыма ғана айттым. Ата-анама, туған-туыстарыма айтуға батылым жетпеді. Енді өз көзіммен көріп, көзім жеткен соң қуанып тұрмын. Жақындарыма сүйінші хабарымды жеткіземін», – деді Азамат.

Жеңімпаз алғашқы лотерея билетін 20 мың теңгеге сатып алғанын да жасырмады. Айтуынша, танысы ірі жүлде бар екенін айтқан соң, тәуекелге бел буған.

«Алғаш рет қатыссам да, неге екенін білмеймін, 20 мың теңгеге билет алғым келді. Қазір өзімді түс көріп тұрғандай сезінемін. Мұндай қуанышқа кенелемін деп ойламаппын», – деп әсерімен бөлісті ол.

Азамат ұтып алған автокөліктің орнына ақшалай сыйақы алуды таңдаған. Ол қаражатты салынып жатқан үйінің құрылысына және қаржылық міндеттемелерін өтеуге жұмсамақ.

Сонымен қатар, алдағы жексенбі 25 қазанда TeleBingo отбасылық лотереясында кезекті пәтер ұтысы өтеді. Пәтер құны 20 млн теңге. Арнайы ұтысқа қатысу үшін, 3 500 теңгеге билет алу керек.