Қазақстан төлқұжаты Азия елдері арасында ең мықты деп танылды
Қазақстан паспорты тағы да Орталық Азиядағы ең мықты паспорт деп танылды.
Бұл ретте жаһандық рейтингте еліміздің паспорты 66-орында тұр, деп хабарлайды Henley Passport Index 2026 дерегіне сілтеме жасап,
Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең мықты паспорттардың Henley Passport Index 2026 рейтингін жариялады.
Компания рейтинг барысында әлем бойынша паспорт иелерінің еркін жүріп-тұру деңгейі бағаланатынын мәлімдеді. Яғни паспорттар иелері алдын ала виза рәсімдемей-ақ қанша елде бола алатынына қарай сараланады.
Мәселен, жаһандық рейтингте Қазақстан паспорты Таиландпен бірге 66-орынға ие болды.
Бұл – Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Мысалы, Қырғызстан 81-орында, Өзбекстан – 82-орында, Тәжікстан – 87-орында, ал Түрікменстан 93-орында тұр.
Ал әлемдегі ең мықты паспорт болып Сингапур паспорты танылды. Рейтингтің екінші сатысына бірден үш ел – Жапония, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктері орналасты. Көшбасшылар үштігін Швеция түйіндеп тұр.
АҚШ паспорты рейтингте 10-орынды, Ұлыбритания 6-орынды иеленді.