«Маған оның үні ұнайды»: Ксения есімді оқушы домбыра тарту шеберлігімен қазақстандықтарды тәнті етті
Домбыра біріктіреді: 14 жастағы Ксения ұлттық аспапта ойнап, әлеуметтік желіні тәнті етті
14 жастағы Ксенияның домбыра тартып отырғанвидеосы бірнеше сағат ішінде 100 мыңнан астамқаралым жинады. Қызды блогер Эмин Хаджиев кездестіріп, домбырада ойнап беруін өтінген еді. Алғашқы әуеннен-ақ оның аспапты жай ғанақызығушылық үшін емес, шын ықыласыменмеңгеріп жүргені байқалды.
Ксения бірнеше жылдан бері домбыра тартыпкеледі. «Неліктен дәл осы аспапты таңдадың?» деген сұраққа ол «домбыраның терең, жанды әріешбір аспапқа ұқсамайтын үні ұнайды» депжауап берді. Қазір жас өнерпаздың өзіне арнайыжасалған домбырасы бар. Оның құны арзанболмаған, атап айтқанда 1 миллион теңге. Анасы аспапты несиеге сатып алған. Ал Ксенияныңмақсаты айқын: болашақта ең үздікорындаушылардың бірі болу.
Видеоны жүздеген адам пікір қалдырып, жылылебіздерін білдірген. Көпшілік роликтіңжүректерін елжіретіп, көздеріне жас үйіргенінжазған. Сондай-ақ олар отбасының домбыра үшіналған несиесін өтеуге көмектесу мақсатындақаражат жинауды ұсынған. Жұрттың ортақ пікірі– домбыра халықтың жаны, сондықтан мұндайдарынды қыз қолдаусыз қалмауы керек. Кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар да Ксенияға көмектесуге ниет білдіріп отыр. Бұл –қоғамымыздың бірлігі мен жанашырлығыныңайқын көрінісі.
Домбыра – Ұлы даланың ең көне музыкалықаспаптарының бірі. Археологтардың деректерінесүйенсек, оның ежелгі үлгілерінде осыдан екімың жылдан астам уақыт бұрын ойнаған. Қарапайым көрінетін қос ішекті аспап арқылытұяқ дүбірін, желдің үнін, қуаныш пен мұңды, тұтас бір халықтың тарихын жеткізуге болады.
Домбырада Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет және басқа да көптеген күйші-композиторлардың туындылары орындалады. 2014 жылы домбырамен күй орындау өнеріЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұратізіміне енгізілді.
Қазақстанда Ұлттық домбыра күні шілде айыныңалғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Бұл күніеліміздің түкпір-түкпірінде концерттер, флешмобтар мен ашық алаңдарда музыкалыққойылымдар ұйымдастырылып, домбыраныбалалар да, ересектер де қолына алады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздеріндедомбыраның ел үшін маңызын үнемі атап өтіп, оны ұлттық символ әрі халықтың баға жетпесмұрасы ретінде дәріптеп келеді. Мемлекетбасшысы домбыраны кеңінен насихаттау үшінбар күшті жұмылдыруға шақырды. Мәдениет пен өнерді дамытуға қолдау көрсету мемлекеттіксаясаттың маңызды бағыттарының бірі болыпқала береді.
Ксенияның оқиғасы жекелеген жағдай ғана емес. Бүгінде Қазақстанда үйірмелер мен секцияларғашамамен 3,5 миллион бала қатысады. Олардың2,2 миллионға жуығы мемлекеттік тапсырысаясында тегін білім алады. Музыкалықмектептерде, мәдениет үйлері мен студиялардабалалар домбыра, қобыз, сыбызғы және басқа да ұлттық аспаптарда ойнауды үйренеді.
Бұл еліміздің миллиондаған баласына өзқызығушылығын тауып, талантын ашуға жәнетуған жерінің мәдениетімен жақынырақ танысуғамүмкіндік береді. Балалар музыкамен қатарспортпен, сурет салумен, бимен және техникалықшығармашылықпен де айналысады. Әрбір үйірме– елдің болашағына қосылған үлес.
Бүгінде домбыраның түрлі ұлт өкілдерінбіріктіруі де ерекше құнды. Бұл аспаптақазақтармен қатар орыстар, кәрістер, украиндар, татарлар, немістер және Қазақстанды өз үйісанайтын өзге де этнос өкілдері ойнайды. Әлеуметтік желілерде домбыраны алғаш рет қолына алып, «Адай» немесе «Сарыарқа» күйлерін орындаған шетелдіктердің видеолары да жиі жарияланады.
Музыкаға аударманың қажеті жоқ. Ксения есімдіқыз қазақтың күйін орындап, мыңдаған адамныңоның жетістігіне тілекші болуы — қазақстандықтардың достығы мен бірлігін сөзсіздәлелдейтін көрініс.
Ксенияның мақсатына жететініне сенгіміз келеді. Оның оқиғасы басқа балаларға да домбыранықолына алып, Ұлы даланың рухын жеткізетін осы бірегей аспаптың құдіретін сезінуге шабытберсін.