Қоғам

Қазақстанда доллар 448 теңгеге дейін төмендеді

Елімізде доллар төмендеді.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,94 теңге болды. Ол алдыңғы көрсеткіштен 0,36 теңгеге төмен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Алайда Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде валютаны сатып алу және сату бағамдары әртүрлі.

Қазақстан Ұлттық банкінің 21 қазанға белгілеген ресми бағамы — 448,61 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 447,59 теңгеден сатып алып, 449,62теңгеден сатып жатыр. 

Астанада долларды орта есеппен 445,01 теңгеден сатып алып, 452 теңгеден сатады. 

Ал Шымкентте долларды 448,63 теңгеден сатып алып, 449,62 теңгеден сатады.