Қоғам

Республика күні ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

«Азаматтарға арналған үкімет» Республика күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, Республикасы күні мерекесіне орай, 26 қазан күні, яғни дүйсенбіде ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді.

Ал 24 қазан күні, яғни сенбіде кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар халыққа қызмет көрсетеді. Бірақ қысқартылған уақытпен жұмыс істейді.

Мәселен, ХҚО-лар жұртты сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданса, ол құжаттар сол күні сағат 13:00-ге дейін беріледі

«Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚО-лардың жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталатынын ескерген жөн. 27 қазаннан бастап ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмысына кіріседі. Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лардың өзекті тізімін Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады», – делінген хабарламада.