Басты жаңалықтар

Экс-депутат Ринай Зайытов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы депутат, танымал айтыскер ақын Ринат Зайыт Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында қазіргі кезде қай салада жүргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"Қорғаныс министрлігінің жанында Ұлттық әскери-патриоттық орталық деген ұжым бар. Қорғаныс министрлігіне қарасты ансамблі бар, оркестрі бар, патриоттық-әскери іс-шараларды, мәдени жұмыстарды ұйымдастыру бар. Жас сарбаздардың патриоттық қалпын, олардың отансүйгіштігін арттыруын қадағалайтын бірден-бір орталық. Қазанның басында жаңа қорғаныс министрінің шақыртуымен сол жерге келдім", - деді ол.

Экс-депутаттың сөзінше бұл салада реформалар басталған.

"Мемлекет басшысының Қорғаныс саласына түбегейлі реформа жасаңдар деп тапсырған реформасы басталды. Жаңа өзгерістерге қатысуды жақсы көретін адам ретінде қуана-қуана келдім. Реформаның кішкентай бір бөлшегіне атсалыссам деген арманмен келдім", - деді Ринат Зайыт.

Еске салайық, ол 2023 жылғы 28 наурыздан бастап Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болды.