Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда Президенттің атынан мемлекеттік марапаттар табысталды

Атырауда Президенттің атынан мемлекеттік марапаттар табысталды
Атырау облысы әкімдігі
Ұлттық мереке — Республика күні қарсаңында Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов еліміздің және өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік марапаттар табыс етті.

Аймақ басшысы Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, бұл мерекенің халықтың бірлігі мен жасампаздыққа деген ұмтылысын сипаттайтынын айтты.

— 25 қазан - елдігіміздің ақ жолы айқындалған тарихи күн. Бүгінде Қазақстан экономикалық әлеуеті зор, әлемдік қауымдастықта өз орны бар, болашағына сеніммен қарайтын мемлекетке айналды. Атырау облысы үшін экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту, инвестиция тарту және халықтың өмір сапасын арттыру маңызды басымдықтар санатында. Ал біздің баға жетпес құндылығымыз — бейбітшілік пен татулық. Әр азаматтың адал еңбегі – еліміздің алдағы дамуының кепілі.
Бірлігіміз бізді жаңа жетістіктерге бастасын! Еліміздің ертеңі еңселі, келешегі кемел болсын! — деді Болат Ақшолақов.


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еңбек ардагерлері, өнеркәсіп, энергетика, мұнай-газ саласы, көлік, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері мемлекеттік наградалармен марапатталып, 
Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар