Басты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Республика күніне орай Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Құрмет қарауылы ротасының командирі Президентке рапорт берді. Одан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, Мемлекеттік гимн шырқалды.
Мемлекеттік туды көтеру рәсімі еліміздің барлық өңірінде өтеді.