Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Полициядан қашқан көлік жүргізушісі автобуспен соқтығысып, көз жұмды

Полициядан қашқан көлік жүргізушісі автобуспен соқтығысып, көз жұмды
kyn.kz
Автобуста 55 жолаушы болған.

Қостанайда полициядан қашқан көлік жүргізушісі көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 25 қазанда кешкі уақытта болған.

Қостанайда жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, автобуспен соқтығысқан: ер адам көз жұмды

Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Полиция мәліметінше, 25 қазанда кешкі уақытта көліктің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған.

Артынан ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, автобуспен соқтығысқан.

Салдарынан ер адам көз жұмды, жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Автобуста 55 адам болған.

Олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар