Қоғам
«Ұлдарға зорлық жасады» деген күдікке ілінген Исматулла Мақсұмға қатысты жаңа тергеу басталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:29
- 17
Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы сопылық бағыттағы «зікіршілер» жамағатының жетекшісі Исматулла Мақсұмға қатысты тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жуырда, қазан айының басында Қазақстанның бірқатар интернет платформаларында медреседегі ұлдарға зорлық-зомбылық жасады деген мәлімдемелер таралған болатын.
«Таралған мәліметтерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Қазақстанның Қылмыстық-процессуалдыұ кодексінің 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің мән-жайларын жариялауға болмайды», - деп растады ІІМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Исматулла Мақсұм 2011 жылы діни экстремизм және қылмыстық топ құрғаны үшін 14 жылға сотталған болатын.


