Түнде және таңертең тұман: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады
"Қазгидромет" алдағы үш күнге 27-29 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі салыстырмалы түрде жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана мен Алматыда жауын-шашын болжанбайды. Күндіз ауа температурасы тиісінше +10 және +14 градусқа дейін көтеріледі.
«Түнгі уақытта еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмендегенімен, күндіз солтүстік пен шығыста +5…+10 градусқа, батыста +15…+20 градусқа, ал республиканың оңтүстігінде +12…+17 градусқа дейін жылынады», – делінген хабарламада.
Астанада 27 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде –1…–3 градус, күндіз +8…+10 градус шамасында болады.
28 қазанда да көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде –1…–3 градус, күндіз +8…+10 градус болады.
29 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде –1…–3 градус, күндіз +6…+8 градус болады.
Алматыда 27 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде 1–3 градус үсік жүріп, күндіз ауа температурасы +11…+13 градусқа дейін көтеріледі.
28 және 29 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде 0…+2 градус, күндіз +12…+14 градус шамасында болады.