Қоғам
Атаулы әлеуметтік тағайындау кезінде отбасының несиелері мен депозиттері ескерілетін болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:35
- 1
Елімізде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау кезінде отбасының кірісімен қатар, банктік несиелері, депозиттері және қаржылық операциялары да есепке алынады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік көмек тағайындамас бұрын отбасының кірісі мен шығысы есептелінеді.
"Атап айтқанда, азаматтардың банктік несиелері мен микрокредиттері, банк шоттары бойынша шығыс операциялары, сондай-ақ жинақ жарналары мен депозиттері ескеріледі. Бұл өзгерістер отбасының материалдық жағдайын тек ресми кірістеріне қарап қана емес, сонымен бірге шығыстары мен қолда бар қаржылық ресурстары негізінде де бағалауға бағытталған", – делінген министрлік хабарламасында.
Бұл өзгерістер әлеуметтік көмекті шынымен мұқтаж отбасыларға тағайындауға мүмкіндік береді.


