"Адамдарға жалған жанашырлық таныту": Тоқаев әлеуметтік төлемдер туралы сөз қозғады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында негізсіз әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдер беру тәжірибесін сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Президенттің айтуынша, өткен онжылдықтарда мемлекеттік басқарудағы кемшіліктерді халыққа әлеуметтік көмекті көбейту арқылы жасыруға тырысқан. Бұл ретте елде мектептер мен ауруханалар тапшылығы артып жатқанда, төлемдерді тіпті ауқатты отбасылар да алып келген.
"Өткен онжылдықтарда мемлекеттік басқарудағы қателіктер мен кемшіліктерді әлеуметтік көмекті қарқынды түрде арттыру, яғни азаматтардың көңілін табу арқылы бүркемелеу үйреншікті жағдайға айналды. Бюджет қаражаты есебінен адамдарға жалған жанашырлық таныту – бұл халықтың мүддесіне және елдің тұрақты дамуына қарсы бағытталған түрлі айла-шарғыларды солақайлықпен бүркемелейтін нағыз популизм ", - деді Тоқаев.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатқа деген көзқарастарды қайта қарауға шақырды.
"Сондықтан әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарап, оны бір күндік мәселелерді шешуден стратегиялық мақсаттарға жетуге бағыттау маңызды", - деді Президент
Президенттің айтуынша, әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес, бұл, ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз.