Саясат

“Самұрық-Энерго“ басшысы Қайрат Мақсұтов лауазымынан босатылды

"Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті.

Қайрат Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.  Бұл Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл шешімді басқарма қабылдағаны нақтыланды.

"Бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты қабылданды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

1970 жылы дүниеге келген. 1991 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды кооперативтік институтын "Экономист-ревизор" мамандығы бойынша бітірген.