Қазақстандықтардың тұтынушылық шығынының 41,7 пайызы азық-түлікке кетеді
Қазақстанда тұрғындар тұтынуға жұмсайтын қаражатының бестен екі бөлігінен астамын азық-түлік сатып алуға бағыттайды. Бұл үлес елде 41,7 пайызды құрайды, деп хабарлайды
Visual Capitalist АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2025 жылғы деректері негізінде әр елдегі азық-түлік шығындарының үлесін салыстырған. Орталық Азияда Өзбекстан мен Түрікменстанның көрсеткіштері Қазақстаннан жоғары: өзбекстандықтар тұтынушылық шығынының 44,8 пайызын, ал түрікменстандықтар 46,3 пайызын тамақ өнімдеріне жұмсайды.
Азық-түлік бағасының өсуі Қазақстанда да жалғасып отыр. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылғы қыркүйекте тамақ өнімдері бір жылда 8,5 пайызға қымбаттаған. Осы кезеңдегі жалпы инфляция 9,3 пайыз болған.
Әлем бойынша азық-түлікке кететін шығын үлесі ең жоғары елдердің арасында Нигерия, Мьянма және Лаос аталады. Нигерияда бұл көрсеткіш 56,2 пайызға жетсе, Мьянмада — 54,8 пайыз, Лаоста 54 пайыз болған.
АҚШ пен Сингапурда жағдай өзгеше. Бұл елдерде азық-түлік сатып алуға тұтынушылық шығынның тиісінше 6,4 және 6,7 пайызы жұмсалады. Ұлыбританияда оның үлесі 8 пайызға жуық.
Алайда көрсеткіштің жоғары болуы азық-түліктің қымбаттығымен ғана түсіндірілмейді. Оған тұрғындардың табыс деңгейі мен өзге тауарлар және қызметтерге қанша қаражат жұмсайтыны да әсер етеді.