Қоғам

ҰҚК Жаңаөзеннің бұрынғы әкіміне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады

ҰҚК Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа қатысты тергеу жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жансейіт Қайнарбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат Kozachkov offside Telegram-арнасында жарияланды. Жазбада қылмыстық іс алдын ала сөз байласқан адамдар тобының адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатқаны айтылған.

Tengrinews.kz-ке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын растады. Алайда істің егжей-тегжейін жарияламады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп хабарлады ҰҚК.