Куәгер Боқаев үшін 12 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғанын мойындады
Жауап алу барысында қорғаушылар куәгердіңайыпталушымен ортақ коммерциялық мүдделердіңбар-жоғына да тоқталды.
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотындаСанжар Боқаевқа қатысты іс бойынша «НұрОтанның» бұрынғы идеологының алаяқтықсхемасының соңғы кезеңін, яғни «ҚазТрансГаз» кәсіподағының қаражатын қолма-қол ақшағаайналдырып, оны сотталушының жеке бизнесінежұмсау әрекеттерін ашып көрсететін айғақтаржария етілді.
Сотта «MLS-Group» ЖШС-ның бұрынғықұрылтайшысы әрі директоры ЖармұхамедСұлтановтан жауап алынды. Сұлтановтыңайтуынша, ол Боқаевпен Алматы қаласыныңЖастар саясаты басқармасында бірге жұмысістеген және сол кезден бері таныс. Сол уақытта олБоқаевқа бағынышты қызметте болған. 2018 жылыБоқаев оған Мадияр Қалменовтің атынарәсімделген «BM Trust» ЖШС атынанынтымақтастық мәселелері бойынша жүгінген. Сот отырысында «MLS-Group» ЖШС-ның банк көшірмелері зерттеліп, онда «BM Trust»-тан түскенекі транш тіркелгені анықталды.
Алғашқы аударылған транштың көлемі 5,6 миллион теңгені құрап, көрсетілген төлемніңмақсаты ретінде «жарнама саласындағы қызметтерүшін» деген анықтама таңдалған. Сұлтанов бұлқаражаттың бір бөлігі шынымен де «ҚазТрансГазға» арналған бейнероликтерді түсіруге жұмсалғанынрастады. Алайда дәл осы қаражатқа Санжар Боқаев өзіне тиесілі «Art Romance» жиһаз цехыүшін сайт жасатып, цехтың жарнамасына арналғанбейнероликтердің жұмыстарын да төлеген.
Екінші транш 12,3 миллион теңгені құраған. Бұлқаражат автошеру туралы деректі фильм түсіругеарналған. Куәгердің түсіндіруінше, компания мердігерлерді таба алмағандықтан, фильм түсірілмеген. Сұлтанов бұл туралы Боқаевқахабарлаған кезде, ол фильмді түсірумен өзіайналысатынын айтқан.
Сұлтановтың сотта берген айғақтарына сәйкес, осыдан кейін 12,3 миллион теңге өзіне бағыныштыжеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшағаайналдырылып, Боқаевқа берілген. Бас фигуранттың қорғаушылары куәгерден ақшаныберу сәтін біреудің көрген-көрмегенін нақтылады. Сұлтанов «мұндайды тіс жарып ешкімге айтпайды»алға тартып, «жоқ» деп жауап берді.
Жария етілген деректер мемлекеттік айыптаутарапының қызмет көрсету келісімшарттарыныңжалған сипатын дәлелдеп, кәсіподақтанжымқырылған қаражат қолма-қол ақшағаайналдырылып, Боқаевтың жеке бизнесінқаржыландыруға бағытталғаны туралы нұсқанытолық растайды.
Жауап алу барысында қорғаушылар куәгердіңайыпталушымен ортақ коммерциялық мүдделердіңбар-жоғына да тоқталды. Боқаев адвокаттарыныңмұндай сауалына Сұлтанов айыпталушымен АҚШ-та ортақ бизнес жүргізгенін растады.
Куәгердің айтуынша, кәсіпорын 2024 жылдыңсоңында немесе 2025 жылдың басында Техас штатында ашылған. Жобадағы бақылаушы үлес, яғни 60 пайызы Санжар Боқаевқа тиесілі болған. Ал Сұлтанов, сондай-ақ Қараев тегімен белгілі тағы бірсеріктес 20 пайыздан иеленген. Сұлтановамерикалық бизнеске 500 мың доллар инвестиция салынғанын нақтылады.