Қоғам

"Қар, көктайғақ": қарашаның басында ауа райы қандай болады

Қазанның соңғы күндері мен қарашаның басында Қазақстанда жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді.

Сондай-ақ кей өңірлерде көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 31 қазан мен 2 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

Кей жерлерд жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, ал елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

Тек Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман түседі.

Дегенмен республика бойынша ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.