Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Дұрыс әрі әділетті шешім": Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақырды

"Дұрыс әрі әділетті шешім": Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақырды
Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде Ресеймен байланысты кеңейту қажеттігін айтты. Бұл барлық тарапқа не себепті тиімді екенін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Ұйымымыздың беделін арттыру үшін Ресейдің ниетіне оң пікірімізді білдіріп, бұл елді осы форматқа қосылуға немесе Ұйымға бақылаушы ретінде қатысуға шақырсақ, дұрыс әрі әділетті шешім болар еді. Өйткені Ресей ірі мемлекет ретінде көне заманнан бері түркі әлемімен тығыз байланыста болған. Бұл елде тарихи мекенін тапқан түркі халықтары көп", - деді ол.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Ресейдің "Алтай өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі" жобасын ілгерілетіп жатқанын және Қазақстанның оны қолдайтынын еске салды.

"Орыс тілінде түркі тілдерінен тамыр тартатын сөздер де аз емес. Жалпы, Ресей түркі елдерінің, яғни біздің Ұйымның бір бөлігі болса, бәрімізге пайдасын тигізер еді", – деп толықтырды Президент.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар