Қоғам

«Қалменовтің атына рәсімдеу керектігін айтты». Куәгер «BM Trust» ЖШС-нің Боқаевтың қол астына қалай өткенін түсіндірді

Санжар Боқаевқа қатысты іс бойынша өткен сот отырысында «BM Trust» ЖШС-нің алғашқы басшысы әрі негізін қалаушы Жанболат Маратов жауап берді.

Тергеу нұсқасы бойынша, кәсіподақтың халықаралық автошерудіұйымдастыруға бөлген негізгі қаражаты дәл осы компания арқылы өткен. Куәгер берген айғақтардыңарқасында мердігер компанияның тарихына қатысты күтпеген жайттар мәлім болды.

Маратовтың айтуынша, бастапқыда «BM Trust» ЖШС-нің ивент-индустрияға да, ірі корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруға да еш қатысыболмаған. Ол компанияны азаматтарғакатамарандарды жалға беру үшін құрған.

Жағдай 2017 жылы өзгерген. Ол кезде Санжар Боқаев «ҚазТрансГаз» құрылымында жұмыс істепжүрген. Куәгердің мәлімдеуінше, ол өз компаниясын іс жүзінде айыпталушыға сатқанымен, мәміле заң жүзінде басқа адамның атына рәсімделген.

«Боқаев «BM Trust» компаниясын Мадиярдыңатына рәсімдеу керектігін айтты», – деді Маратовоның жиені Мадияр Қалменовті меңзей отырып.

Осылайша, катамарандарды жалға беруменайналысқан шағын фирма қызмет бағытын өзгертіп, ұлттық компания жобаларын жүзеге асырубойынша негізгі мердігерлердің біріне айналған.

Жауап алу барысында мәмілелердің қалайрәсімделгеніне қатысты тағы бір маңызды жайтанықталды. Куәгердің айтуынша, «BM Trust» пен тапсырыс берушілер арасында автошерудіұйымдастыруға қатысты келісімшартқа«ҚазТрансГаз» ғимаратындағы Санжар Боқаевтыңқызметтік кабинетінде қол қойылған.

Атап айтқанда, Маратовтың сөзінше, дәл осы кабинетте автошеруді ұйымдастыруға қатыстықұжаттардан бөлек, жаңа жылдық корпоративтіккеш өткізу жөніндегі шарт та жасалған.

Бұл дерек бұрын жауап берген куәгерлердің экс-кеңесшінің мердігерлерді таңдауды жәнежобалардың құжаттамалық рәсімделуін жеке өзібақылағаны туралы айғақтарын кезекті рет растап отыр.

Жария болған деректер Санжар Боқаевтыңадвокаттары тарапынан қызу қарсылық туғызды. Маратов жауап беріп жатқан кезде қорғау тарапыкуәгерді тоқтатуға әрекет жасады. Алайда сотқатөрағалық еткен судья куәгердің айғақ беруінекедергі келтіруге бағытталған әрекеттердің жолын кесті.

Уәждері таусылған адвокаттар процессулдық тұрғыда амалсыз саналатын шараға барып, сот отырысының дәл өзінде судьяға қарсылық білдірді. Алайда судьяға қарсылық білдіру туралы өтініш қанағаттандырылмады.