Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қараша айының басында елімізде күн суытып, жаңбыр жауады

Қараша айының басында елімізде күн суытып, жаңбыр жауады
Сурет: pixabay.com
Қазгидромет синоптиктері 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қарашаның басында күн құбылмалы болады: еліміздің басым бөлігінде құрғақ, батыста жаңбыр жауып, кейбір жерлерде ол нөсерге ұласады. Ал шығыста қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

4 және 5 қарашада елдің басым бөлігінде жаңбыр, ал кейбір жерлерде нөсер жауын болжанып отыр.

Сондай-ақ, батыста күндізгі ауа температурасы +13…+21 градустан +6…+19 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанның шығысында қолайсыз ауа райы ерте басталады. 3 қарашада атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын, кей уақытта қар да жауады. Синоптиктер көктайғақ болатынын да ескертті.

Елдің оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +13…+18 градустан +10…+15 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, түнде, таңертең тұман түседі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар