Алматыда Dostyk Plaza сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр
Алматыдағы Dostyk Plaza сауда және ойын-сауық орталығынан келушілер эвакуацияланып жатыр. Бұл труалы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сауда орталығы әкімшілігі ғимаратқа кіруге және көлікпен өтуге уақытша шектеу қойылуы мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты сауда орталығының ресми парақшасында қонақтарға арналған мәлімдеме жарияланды.
"Түскен ақпаратқа байланысты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Dostyk Plaza сауда орталығында қажет шаралар қабылданып жатыр. Осыған орай сауда орталығына кіруге және көлікпен өтуге уақытша шектеу қойылуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Әкімшілік қонақтардан сабыр сақтап, СОО қызметкерлерінің нұсқауын орындауды сұрады.
Алайда Dostyk Plaza әкімшілігі қандай ақпарат түскенін және қауіпсіздік шараларының нақты себебін түсіндірмеді.