Мәдениет
"Өз-өзіме сыйлық": Мөлдір Мұқанова 11 миллион теңгеге алқа сатып алған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:45
- 61
Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова 11 миллион теңгеге сатып алған алқасын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Продюсер бұл тағып тұрған алғашқы гауһар тасты алқасы екенін айтады. Өзіне осылай сыйлық жасапты.
“Өз-өзіме сыйлық жасадым. Бұл – менің алғашқы бриллиантым. Өзімнің алқам. Жақында ғана алдым. Жап-жаңа. Бүгін екінші рет тағып тұрмын”, – деді продюсер.
Мөлдір Мұқанованың қазір 8 миллион теңге несиесі бар екен.
“Мұнша қарызымның барын жасырмаймын. Онда тұрған не бар? Еш уайымдамаңыздар, әр қазақтың басында кредит бар”, – деп күлді ол.
Желі қолданушылары әртүрлі пікір жазған. Бірі продюсерді қолдаса, енді бірі қарызы бола тұра қымбат алқа алғанына таңғалуда.




