Қоғам

Қазақстанда шетелге шығатындар енді есепке алынады

Қазақстанда шетелге жұмыс істеуге кететін азаматтарды есепке алу алынатын болды.

Аталмыш шара Үкіметтің 2027–2029 жылдарға арналған адам саудасына қарсы күрес жөніндегі жаңа жоспарында қарастырылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 28 қазанда Қаулыға қол қойды. Құжат өз күшіне енді.

Құжатқа сәйкес, 2027 жылдың екінші тоқсанында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелге шығатын Қазақстан азаматтарын есепке алу және мониторингілеу тетігін енгізу жоспарланып отыр.

Бұл үшін migration.enbek.kz порталында мұндай азаматтарды хабарлама арқылы есепке алу функциясын техникалық іске асыру көзделген.

Сонымен қатар билік қазақстандықтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындауы тиіс. Бұл агенттіктер де аталған порталда есепке алынатын болады.

Шаралар еңбек қанауының және адам саудасының алдын алуға бағытталған.