2026 жылдың аяғында коммуналдық қызмет өсуі мүмкін
Үкіметте өткен брифингте ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жыл аяғында Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері өсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Азамат Әмриннің айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банк ақылы қызметтер бағасының өсуін тежеуге келіскен. Бірлескен жоспарға сәйкес, бұл санаттың жалпы инфляцияға қосатын үлесі бір пайыздан аспауы тиіс.
Бұл ретте көктем мен жазда жекелеген коммуналдық тарифтердің көтерілуі инфляцияға 0,47 пайыздық тармақ қосты.
"Алдын алу шараларын жалғастыру мақсатында біз қазір тарифтердің барлық өсімін жыл аяғына, желтоқсанға қарай жылжытуға тырыстық", – деп толықтырды бірінші вице-министр.