2027 жылдан бастап МӘМС-сіз қазақстандықтар кейбір медициналық тексеруден тегін өте алады
Үкіметтегі брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелмеген қазақтар да емханаларда бірқатар бастапқы медициналық тексеруден тегін өте алатынын мәлімдеді.
Яғни, тексеру кезінде әлеуметтік мәні бар ауру анықталса, оны диагностикалау мен емдеу шығынын мемлекет өтейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өзгерістерге сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар мынатексеруден өте алады:
жалпы қан және зәр талдауы;
- қан қысымын өлшеу;
- электрокардиограмма (ЭКГ);
- флюорография;
- пульсоксиметрия;
- кейбір функционалдық зерттеулер;
- іш қуысы ағзалары мен бүйрекке ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жасау бар.
Алайда бұл тізімге тек бастапқы медициналық тексерулер кіреді. Сақтандыруы жоқ азаматтар медициналық қызметтің барлық түрін тегін ала алады деген сөз емес.
Егер тексеру барысында әлеуметтік мәні бар ауру анықталса, оны әрі қарай диагностикалау мен емдеу мемлекет есебінен жүзеге асады.
Министрдің сөзінше, онкологиялық ауруларды анықтаудан бастап хирургиялық ота, сәулелік және химиотерапия, оңалту мен паллиативтік көмекке дейінгі барлық кезең мемлекет есебінен жүреді.
Бұдан бөлек, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, азаматтар шұғыл медициналық көмек ала алады.