Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытып, қар жауады

Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытып, қар жауады
Сурет: botanichka.ru
Қазақстанда ауа райы күрт суытып, кейбір өңірлерде қар жауады. «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде алдымен еліміздің батысында, кейін қалған өңірлерде күн суытады.

«Солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ орнайды. 5-6 қараша күндері еліміздің батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауады. Сол сияқты 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде де қатты жаңбыр жаууы мүмкін», – делінген синоптиктердің болжамында.

Батыста: түнде 0,+7°С, күндіз +3+14°С;

солтүстік-батыста: түнде -1-8°С, күндіз +1+15°С;

Солтүстік пен орталықта: түнде -3-8°С-тан +1+6°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +5+13°С-тан +1+10°С-қа дейін төмендейді;

Шығыста: түнде -3-8°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде: ауа температурасының айтарлықтай өзгермейді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар