Қоғам

Алматыда полицейге қатысты әзілден кейін 47 жастағы әйелге айыппұл салынды

Алматыда 47 жастағы әйел полицейге қатысты орынсыз әзілі үшін айыппұл арқалады.

Арбаттағы мерекелік іс-шаралар кезінде ол полиция қызметкеріне барып, оның формасы Хэллоуинге арналған костюм емес пе деп сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі қалалық ПД-не сілтеме жасап.

Оқиға 31 қазан кешке Арбат жаяу жүргіншілер аймағында болған. Сол күні учаскелік полиция инспекторы мерекелік іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген.

"Оған қолына камера ұстаған әйел келіп, полицейдің формасы Хэллоуин костюмі емес пе деп әдейі сұрақ қойған", - деп хабарлады полиция.

Полиция қызметкері сабыр сақтап, өзін таныстырып, қызметтік куәлігін көрсеткеннен кейін жұмысын жалғастырған.

Алайда оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланған.

Алмалы ауданының полиция қызметкерлері бейнежазба авторын анықтады. Ол Алматының 47 жастағы тұрғыны болып шықты.

Әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 30 АЕК мөлшерінде - 129 750 теңге айыппұл салынды (2026 жылы 1 АЕК - 4 325 теңге).

Полиция қызметтік міндетін атқарып жүрген қызметкерге қатысты арандатушылық пен құрметсіздік көрсету жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.