Мәдениет

Дариға Бадықованың анасы күйеу баласы Олжас Абайға төс тартты

Танымал актриса Дариға Бадықованың анасы жаңа күйеубаласы Олжас Абай мен қызын есік көрсетуге шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видеоны өнер иелері Instagram парақшасында бөлісті. Анасы салт-дәстүріне сай күйеу баласына төс тартып, құрмет көрсетті.

“Қазақта күйеу балаға төс ұсыну деген әдемі дәстүр бар. Бұл – ананың күйеу баласына деген құрметі мен сыйластығының белгісі. Сондықтан салт-дәстүрден аттамай, бүгін анамыз Олжасқа төс ұсынды”, – деп жазды олар.

Желіде ерлі-зайыптыға ақ тілектерін жаудырды. Алайда сыни пікірлер жазғандар да бар.