Жетісуда трактор 11 жастағы қызды қағып кетті
Жетісу облысы, Текелі қаласында 11 жасар қыз жол жөндеу жұмыстары жүргізіп жатқан трактордың астында қалды. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 3 қараша күні орын алды. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Трактор жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде жол жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік талаптарының сақталғанын анықтап жатыр