Боқаевтың ісі бойынша сот: контрагенттердің айғақтары куәгер Артықбаеваның сөзін растады
Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевқақатысты іс бойынша халықаралық автошеру кезінде логистикалық және техникалық қызмет көрсеткен кәсіпкерлерден жауап алынды.
Олардың айғақтары жобаның Қазақстан аумағындағы бағытын ұйымдастырып, барлық шығынды «We Can» ЖШС төледі деген компанияның директоры Жұлдыз Артықбаеваның сөзін растайды.
Мәселен, «CM Service» ЖШС-нің бұрынғы директоры К. Юрченконың айтуынша, құрғақ порт маңында орналасқан оның кәсіпорны Хоргосқааттанар алдында, яғни 2018 жылдың қыркүйегіндеавтошерудің қатысушыларын тамақпен толық қамтамасыз еткен. Қызметке тапсырыс беріп, ақысын төлеген «We Can» ЖШС болған. Қатысушылардың демалысына қатысты шығындар да дәл осылай өтелген. «Chimbulak Development» компаниясының бухгалтері Л. Жылқышова тау шаңғысы курортының аспалы жолымен жүру билеттерін де Артықбаеваның компаниясы сатып алғанын хабарлады.
Алматыдағы іс-шараларды өткізу үшін «WeCan» ЖШС жеке мердігерлерге дейін өзі жалдаған. Кәсіпкер Д. Лихачевтің сөзінше, 2018 жылдың қыркүйегінде Артықбаеваның компаниясы одан «Рахат Палас» қонақүйінде сахна, жарық және дыбыс жабдықтарын жалға алып, оларды орнату қызметіне тапсырыс берген. Куәгер қажетті жабдықтар ұсынылғанымен, ешқандай бейнероликтүсірілмегенін де нақтылай кетті. Бұл Боқаевтыңдеректі фильм түсірілді деген уәжіне қайшы келеді.
Өзге локациялардағы қызметтердің ақысын да Артықбаева төлеген. Жеке кәсіпкер Д. Толканов«Қазақстан» қонақүйінің Grand Ballroom залында іс-шара ұйымдастырғаны үшін «We Can» ЖШС-ненақша аударымдарын алғанын растады. Артықбаеватарапынан берілген тапсырыстар мен төлемдер туралы сотта 69 450 теңге көлеміндегі қаржы аударымын алға тартқан «НФО Здоровье» ЖШС директоры М. Лесков та, тағы екі куәгер Сәрсенбаева мен Әкімова да мәлімдеді.
Автошеруді ұйымдастырумен қатар, соттағы жауап алу барысында Боқаевтың жеке бизнесіне қызмет көрсету деректері де анықталды. Куәгер А. Қоныртаева 2019-2020 жылдары Артықбаеваныңодан «Арт Романс» жиһаз компаниясына арналған жарнамалық буклеттер мен парақшалардың дизайнын әзірлеуге тапсырыс бергенін айтты. Бұл бұрынғы кеңесшінің мердігер ұйымның директорын өзінің жиһаз цехындағы жұмыстарды орындауға да тартқанын көрсетеді.
Сотта «Даму» бухгалтерлік компаниясының басшысы А. Маутқанов та жауап берді. Оның айтуынша, 2018 жылдың қыркүйегінде ол «BM Trust» ЖШС-мен бухгалтерлік есеп жүргізу жөнінде келісімшарт жасасқан. Еске сала кетейік, Боқаевтыңжиенінің атына рәсімделген бұл компания автошеруді ұйымдастыру үшін 47 миллион теңгеден астам қаражат алған.
Осылайша, қызмет көрсеткен серіктес компаниялардың өкілдерінің сотта берген айғақтары Артықбаеваның сөзін растап отыр: оның «We Can» ЖШС-і жобаның негізгі ұйымдастырушысы ретінде адамдарды жалдап, қызмет ақыларын төлеп отырған, ал Боқаевтыңжиеніне тиесілі компания тек сырттан тартылған бухгалтерлердің қызметіне ақы төлеумен шектелген. Автошеру қатысушыларына көрсетілген қызмет үшін берілген бірде-бір түбіртекте екінші компанияның атауы мүлде кездеспейді.