Жақыпов "Самұрық-Қазына" басшыларына қатаң ескерту жасады
Барлық нысанда құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуге тиіс.
"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов энергетикалық жобалардың уақытылы іске асырылуына жауапты басшыларға қатаң ескерту жасады.
Ол президенттің энергетика саласындағы жұмыстарға қатысты сынын еске салып, 2029 жылға қарай Қазақстанда тұрақты энергетикалық профицит қамтамасыз етілуі керектігін атап өтті.
Жақыповтың айтуынша, барлық нысанда құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуге тиіс. Әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Екібастұз қалаларында жаңа генерациялық қуаттарды, сондай-ақ газ өңдеу зауыттарын іске қосу мерзімін кешіктіруге болмайды.
"Әрбір бірінші басшы қабылданған міндеттемелердің орындалуына және нысандардың уақытылы пайдалануға берілуіне жеке жауап береді. Немқұрайлы қарау, тиісті бақылаудың болмауы сәйкесінше басқарушылық шешімдер қабылдауға әкеледі", – деді Нұрлан Жақыпов.