Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте бірінші сынып оқушысына тиіскен мұғалім сотталды

Шымкентте бірінші сынып оқушысына тиіскен мұғалім сотталды
Сурет: iStock
Шымкентте бірінші сыныптың оқушысына тиіскен мұғалім сотталды.

Сексуалды сипаттағы тиісу әрекеті үшін сот 36 жастағы азғынға 200 сағат қоғамдық жұмысқа жегу және моральдық және материалдық шығынды өтесін деген үкім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ақпан айында жекеменшік мектептің бірінші сыныбында оқитын қыз мектепте цифрлық сауаттылық пәнінен сабақ беретін мұғалімінің тиіскененін ата-анасына айтып берген.

Шошыған ата-анасы тексерген кезде, тіпті мектептегі бейнебақылау камерасына да түскені анықталған. Осыдан кейін педагог жас балаларды азғындату дерегімен жазаға тартылғанымен, оны қайта қаратып, жазасы жеңілдеу сексуалды сипаттағы тиісу әрекеті бабына ауыстырылған.

Енді қоғамдық жұмысқа жегілетін педагог 3 миллион теңге моральдық тағы 3 миллион теңге материалдық шығынды өтеп беруге тиіс.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар