Саясат

Ақордада Иордания королін қарсы алу рәсімі өтті

Қазақстанға ресми сапармен келген Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі салтанатты рәсімнен түсірілген кадрларды жариялады.

Мәртебелі мейманның құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Иорданияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен король II Абдалла бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.

Еске салайық, 5 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды.