Қазақстанда автонесие рәсімдеуге берілетін жеңілдік тағы бір жылға созылды
Автокөлік несиелерін беру кезінде БЖК талабын сақтау міндеттемесінен босату 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде қалады.
Ұлттық банк автонесие алғысы келетіндерге қатысты жеңілдікті тағы бір жылға ұзартты. Енді көлік алғысы келген азаматтардан табысы мен қарызының арақатынасын есептейтін міндетті талап сұралмайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш жеңілдік автонесиелердің үш санатына қолданылады. Басты шарт – көлік құралы несие бойынша кепіл ретінде қызмет етуі тиіс.
Жаңа көлік сатып алушылар үшін бұл ерекшелік пайдаланылмаған және Қазақстанда алғаш рет тіркеліп жатқан жаңа көлік құралын сатып алуға берілетін несиелерге қолданылады.
Үш жылдан аспайтын көлікті несиеге алатындар үшін алғашқы жарна кемінде 30 пайыз болуы шарт. Бұрын пайдаланылған автокөлікті сатып алғанда оның бағасының кемінде 50 пайызын бірден төлеген азаматтар да жеңілдікті пайдалана алады.
Көлік құнының кемінде 30 пайызы мөлшерінде бастапқы жарна төленген жағдайда, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі көліктерге БЖК қатысты ерекшелік қолданылады.
Ұлттық банк 2027 жыл бойы несие нарығын бақылауды жалғастыратынын атап өтті.